Астанадағы ЖЭО-1-ді жаңғырту жұмыстары 2016 жылы аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы ЖЭО-1 қолданыстағы энергия көздерін жетілдіру жұмыстары жалғасады, деп хабарлады astana.kz.
None
None

1961 жылы желтоқсан айының соңында Ақмола ЖЭО-1 бірінші турбина мен бірінші қазандықты пайдалануға енгізу арқылы іске қосылған болатын. Бүгінгі күні ЖЭО-1 - қаланың мыңдаған кәсіпорындары мен ұйымдарын энергиямен жабдықтап отырған ең ірі энергетикалық нысан.

Нысанның жұмысын жетілдіру үшін үнемі жөндеу жұмыстары мен станция жабдықтарын жаңарту жүргізіліп отырады.

Астана қалалық Энергетика басқармасының мәлімдеуінше, ЖЭО-1 бірінші энергия көзін қайта жаңарту 2008 жылы басталған болатын, 2016 жылы аяқталады деп жоспарланған.

2014 жылы ЖЭО-1 №5 қазандық агрегатын құрастыру аяқталды, №7 қазандық қалпына келтірілуде, сонымен қатар, №5,6 қазандық агрегаттарының газ жолдары, вакуумды деаэратор, №2 мұржа, мазут шаруашылығы, электр шаруашылығы, №5 темір жол және т.б. көмекші нысандарды қайта жаңарту жұмыстары жасалды.

Соңғы жаңалықтар