Астанадағы ЖЭО-2 біртіндеп газға көшеді

БАҚ өкілдерімен бірге жүрген Энергетика басқармасының басшысы Бақытбек Жапаевтың жол көрсетуімен тілшілер тобы қаладағы бірқатар мекенжайларға ат басын тіреді.
Алдымен ТЭЦ-2-ге бас сұққан журналистер қаланың Оңтүстік-шығыс ауданына аялдап, ондағы жекеменшік сектордағы үйлердің мұржасынан шығып жатқан түтіннің атмосфералық ауаны қаншалықты ластап жатқанын бақылады. Жұмыс тобының сапары «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының қазандығына соңына жетті. Мамандардың сөзіне сүйенсек, алдағы жылдары ЖЭО-2 газбен жылыту жүйесіне көшірілмек. Әзірге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег Уткиннің сөзіне сүйенсек, ЖЭО-2 газбен жылыту жүйесіне біртіндеп ауыстырылатын болады.
«Газбен жылыту жүйесіне көшкен күнде де ЖЭО-2 бастапқыда жартылай газбен, жартылай көмір отынымен жылу беретін болады. Ал қазіргі таңда құрылысы жүргізіліп жатқан ЖЭО-3 бірден газбен жылыту жүйесі бойынша жұмыс істеуге қауқарлы», - дейді Олек Уткин.