Астанадағы жер телімдері өтініш берген барлық азаматтарға жетпейді - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін өтініш берген барлық азаматтарға бере алмайды.

Астанадағы жер телімдері өтініш берген барлық азаматтарға жетпейді - И. Тасмағамбетов

Бұл туралы бүгін қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов өзінің дербес блогында мәлім етті.

 «Бүгінгі таңда жер қатынастары басқармасында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін алуға өтініш берген азаматтардың саны 100 мыңнан асып жығылатындығын хабардар ете кетуім қажет. Бұл Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін бөлінеді деп жоспарланған жер учаскелерінің санынан 4 есе көп. Яғни, халықтың барлық сұранысын қанағаттандыру мүмкін болмайтындығы анық», - деп жазады И. Тасмағамбетов.    

 Қала әкімі сөз арасында, қазіргі уақытта жеке құрылысқа арналған жер телімдерін үлестіру тоқтатылғандығын айтты. Себебі қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын учаскелер жоқ.