Астанадағы «Жеті бөшке» тұрғын үй кешенінде өрт болды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Жеті бөшке» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, отты ауыздықтауға 3 өрт сөндіру машинасы келген. Бірақ бұл да аздық етіп, қосымша техника жұмылдырылды, деп хабарлады 24.кz.
Үйдің 7-қабатынан шыққан жалын төбеге көтеріліп, 9-қабатқа дейін от шарпыған. Салдарынан үйдің 3-қабатының сыртқы орамасы жанып кетті. Болжам бойынша өртке сөндірілмей тасталған темекі себеп болуы мүмкін.
Мәселенің мән-жайын анықтау үшін қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Хабар өрт сөндіру қызметіне сағат бүгін 18:20-да келіп түскен. Мамандар отты 15 минут ішінде ауыздықтап үлгерді.