Астанадағы жолдар канадалық технологиямен төселеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада биылдан бастап, жолдар канадалық технологиямен төселетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

Астанадағы жолдар канадалық технологиямен төселеді

«Жол сапасын арттыру мақсатында біз жаңа технологияларды қолданамыз. Биыл жол жабындысының қолдану мерзімін арттыру мақсатында канадалық технологиялар пайдаланады. Біз Шарль де Голь көшесінде оны эксперимент ретінде төсеген болатынбыз. Технология өзін жақсы қырынан көрсетті»,- деді Қ.Айтмұхаметов.

Оның айтуынша, аталмыш жаңа технология жолдың «ғұмырын» ұзартпақ.

Сонымен қатар ол Астанадағы қазіргі жолдың сапасына да тоқталды және оның соншалықты нашар еместігін атап өтті.

«Биыл ауа температурасы ауытқып отырғаны мәлім, ол әсірісе жолға қатты әсерін береді. жол үстінде еріген қар мен жаңбыр суы да жол жабынын қатты бүлдіреді. Бүгінде көптеген шағымдар айтылып жатыр, бірақ елордада жолдар соншалықты мүшкіл деңгейде деп айтпас едім», - деді әкім.