Астанадағы ЖОО «футбол жаттықтырушысы» мамандығына оқытады
Әлеуметтік ғылым факультетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасы 2018-2019 оқу жылынан бастап «Футбол жаттықтырушысы» мамандығын ашады. Негізгі мақсаты - кәсіби біліктілігі футбол жаттықтырушыларын және футбол саласының мамандарын дайындау.
Аталған мамандыққа кез келген талапкерге түсуге болады. Оқу аяқталғаннан кейін УЕФА-ның «С» категориясы мен «Дене шынықтыру және спорт, футбол жаттықтырушысы» мамандығын алады. Бұл мамандық бойынша 6-12 жас аралығында балаларды Қазақстан Республикасы мен Еуропа аумағындағы кез келген футбол құрылымдарында тәрбиелей алады.
Бастама 2018-2022 жылдарға арналған футболды дамыту стратегиясының шеберінде жүзеге асырылып отыр. Қазақстан футбол федерациясының басты міндеттерінің бірі - «1-11 сыныптарға арналған футбол сабағы» жобасын дамытуды жалғастыру және Қазақстанда футбол саласының мамандарының білімін көтеру.