Астанадағы жылы аялдамалар күн мен желден қуат алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық энергетика басқармасы қала аумағында Wi-Fi қондырғыларын орнатып жатыр. Сол жерде ұялы телефондарды зарядтауға да болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, қала бойынша ондай қондырғылардың 18 түрі орнатылады. Соның барлығы баламалы энергия көздерінен (күн мен желден) қуат алады. Мамыр айында Есілдің сол жағалауына және Президент саябағына қойылады. Біз аталған кәсіппен айналысатын компанияларды өзіміз іздеп таптық. Сол кезде шетелде ондай аппараттардың қалайша жұмыс істеп тұрғанын да зерделеп шықтық», - дейді басқарма қызметкері Рустам Қадыров.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жылы аялдамалар да осы іспетті жүйенің негізінде жұмыс істейді.

«Былайша айтқанда, жылы аялдамалар автономды түрде қуат көздерімен қамтамасыз етіледі. Ол үшін фотоэлектрлік элементтер мен жел генераторлары орнатылады. Осылайша, қалалық электр желілерге түсетін жүктеме де азаяды», - деп атап көрсетті Қадыров.

Соңғы жаңалықтар
telegram