Астанадағы Зияткерлік мектептің оқушылары халықаралық емтихандарда орташа әлемдік деңгейден жоғары балл жинады

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушылары бірқатар пәндер бойынша ағылшын тілінде тапсырылатын SAT 1 және SAT 2 халықаралық емтихандарында орташа әлемдік деңгейден жоғары балл жинады.
None
None

Бүгін Астанада басталған «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова атап көрсеткендей, ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін жетілдіріп отырудың нәтижесін оқушылар халықаралық емтихандардың барысында көрсетеді.

«Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушылары математика, физика, химия, биология бойынша ағылшын тілінде тапсырған SAT 1 халықаралық емтихандарда 1586 балды (әлемдегі орташа балл - 1200, ең жоғары - 1980), SAT 2-де - 1720 балды жинады (әлемдегі орташа балл - 1250, ең жоғары - 2200). IELTS ағылшын тілі бойынша емтихандардың көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Биылғы нәтиже - 6,2 балл (2010 жылы - 5,7 балл)», - деді ол.

Сондай-ақ К.Шамшидинова, біліктілікті көтеру мұғалімдердің ғылыми-тәжірибелік қызметтеріне де оң ықпалын тигізуде. «Оған әзірленген оқулық құралдар, авторлық курстар, жинақтамалар, әдістемелік ұсынымдар дәлел», - деп түйіндеді Басқарма төрайымы.

Соңғы жаңалықтар