Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қыс мезгілі басталғаннан бері Астанадан 79 881 рейспен миллион текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана
Фото: Астана қаласының әкімдігі

14-інен 15 желтоқсанға қараған түнде қала көшелерінен қар мен мұзды жинауға 160-тан астам жол жұмысшысы мен 600-ден астам арнайы техника шықты. 

14 желтоқсан күні қар полигондарына ауыр жүк көлікпен 803 рейс, 10152 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Соңғы жаңалықтар