Астанадан 50 шақырым жердегі түзету мекемесінде арнайы жаттығу өтуде
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Астанадан 50 шақырым жердегі ЕЦ-166/5 түзету мекемесінде бүгін, дүйсенбі күні сотталушыны іздеумен және ұстаумен байланысты арнайы жаттығу өтуде,
деп хабарлады Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев.
Шараның негізгі мақсаты - түрмеден адамдар қашқан жағдайда оларды ұстауға тартылатын күштердің бірлескен іс-қимылдарын әрі қарай жетілдіру болып табылады.
Жаттығуға Ақмола облысы Аршалы аудандық ішкі істер бөлімі мен Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерінің бөлімшелерінің қызметкерлері қатысады. Жаттығуға барлығы 150 адам жұмылдырылады.