Астанадан Алматыға екінші дүниежүзілік соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз аттанды

АСТАНА. KAZINFORM – Астана-Алматы бағытына ерекше безендірілген жүрдек пойыз аттанды. «Жолаушылар тасымалы» мекемесі «Нұрлы жол» вокзалынан кешкі сағат 20.20-да жолға шығатын пойыздың екі вагонына екінші дүниежүзілік соғыстың қазақтан шыққан батырларының суреттерін қондырыпты.

Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Перрон аумағы ығы-жығы. Билетіне бір, алдынан шыққан вагон нөміріне екі қарап, арлы-берлі сабылған қалың жолаушы. Бір-біріне іркес-тіркес тұрған ресторан-вагон мен бар-вагонның сыртындағы 1945-2025 деген қанық түсті үлкен жазуды көргенде сәл баяулап барып, жүрісін қайта үдетеді. Кейбірі асығыстығына қарамастан Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың, Талғат Бигелдиновтің суретіне бір сәтке аялдап, ұялы телефондарына түсіріп алып жатыр.

Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков /Kazinform
Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы өз жолаушыларын жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, бейбіт күннің қадірін дәріптеу үшін осындай амал ойлап тапқан екен.

Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Нариман Дүйсекеев
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- Біз ұлттық тасымалдаушы болғандықтан жолаушыларды Қазақстан халқы үшін маңызды саналатын мейрамдармен құттықтау үшін түрлі креативті қамдарға барып жатамыз. Бұл жолы жылдағы дәстүр бойынша Астана-Алматы бағытындағы №3\4 пойызын екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырларының суретімен безендірдік. Мұның алдында Астана-Атбасар бағытындағы электрлі пойызды да осылай безендіріп аттандырдық. Жалпы ұлттық және мемлекеттік мейрамдардың бәріне арнап осындай шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Жеңіс мерекесі сондай айтулы күндердің бірі біз үшін, - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дүйсекеев.

Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Пойыз бастығы Бексұлтан Баубек ерекше безендірілген вагондар жолаушыларға ұнағанын айтады.

Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- Өздеріңіз де байқадыңыздар ма, білмеймін. Перронға пойыз келіп тоқтаған сәтте батырлардың суретін артқы фонға алып селфи жасаушылар көп болған. Бұл да болса ұзақ жолға шығып бара жатқан жолаушылардың көңілін бір серпілтіп тастайтын жағымды дүние ғой. Өзі Жамбыл облысының тумасы болғандықтан Бауыржан атамыздың суретінің жанында фотоға түсіп алдым, - дейді ол.

Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жолаушылардың бірі Алматыда ертең өтетін шеруге дайындалып шықса керек. Бір қолында дөңгелекті шабадан, екінші қолында нағашысының суреті.

Айтуынша, туған жылын ұлғайтып көрсетіп, соғысқа аттанған 16 жасар Қабиболла Ысқақов Украина майданында рота командирі болып жүрген жерінен оққа ұшқан.

Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Осылайша бұдан 80-84 жыл бұрын әскер тиеген эшелондармен екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған боздақтар мен ардагер батырлардың суреті бейбіт елдің даласын пойызбен аралауға шықты.

Бұған дейін Жетінші арна ардагерлерге деген құрмет пен алғыстың белгісі ретінде «Батырларға тағзым» атты кең ауқымды жобаны іске қосқанын хабарлаған едік.

Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Соғыс батырларының суретімен безендірілген пойыз
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 

 

Соңғы жаңалықтар