Астанадан барлық бағыттарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Боран салдарынан сағат 10:00-ден бастап Астадан барлық бағыттарда жолға шығуға шектеу енгізілді.
Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бөлек, Ақмола облысы аумағы бойынша «Астана-Петропавл» автожолының 18-233 шақырымындағы «Астана- Щучинск» аралығында барлық автокөліктердің қозғалысы үшін жол жабылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай,кеше Ақтөбе облысы өңіріндегі боранға байланысты «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 92-257 шақырымындағы Ембі-Шалқар аралығында барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Боран басылып, аталған учаске аралығы тазартылғанан кейін жолдағы көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылы бастайды.