Астанадан Бурабай мен Қарағанды бағытына жаңа электр пойыздары қатынамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 сәуірден бастап Астана мен Қарағандыдан «Астана-Бурабай курорты» және «Астана-Қарағанды» бағытында ЭД9Э (энергияүнемдегіш) сериясындағы «Оқжетпес» және «Сарыарқа» жаңа электр пойыздары қатынайтын болады.
None
None

Жаңа пойыздар ыңғайлылығымен және қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында. Компанияның мәліметінше, бұл электр пойыздары әлемдік стандарттарға сай, барлық конструктивтік шешімдер өнеркәсіптік эстетика мен өңдеудегі соңғы үрдістерді ескере отырып жасалған. «Оқжетпес» пойызы Астанадан Бурабай курортына дейін жұма күндері сағат 18.50-де аттанады, Бурабайға сағат 22.00-де жетеді. Ал Бурабайдан сағат 22.35-те шығып, Астанаға сағат 01.40-та келеді. Пойыз Астанадан Көкшетау стансасына дейін сенбі, жексенбі, дүйсенбі және сейсенбі күндері жүреді. Астанадан сағат 07.25-те шығады, Көкшетау станциясына сағат 11.32-те жетеді. Көкшетау станциясынан сағат 19.00-те шығып, Астанаға сағат 23.07-де жетеді», деп хабарлады баспасөз қызметінен. Айта кетейік, аталмыш пойыздағы жолақы құны - І санаттағы вагонда - 1 088 теңге, ІІ санаттағы вагонда - 1 013 теңге, ІІІ санаттағы вагонда - 842 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар