Астанадан Бурабайға электр пойызбен 2,5 сағатта жетуге болады

АСТАНА. KAZINFORM - «Қарағанды-Астана» электр пойызы Бурабайға дейін жүретін болды. Ол 14 маусымнан бастап аптасына 5 рет қатынайды. 

Электричка Электр пойызы жд
Фото: Kazinform

Осылайша, Астаналықтар бас қаладан Бурабайға бұрынғыдай 4 сағатта емес, 2,5 сағатта жете алады. Пойыз Қарағандыдан № 7553/7556 нөмірімен шығып, Астанаға жеткеннен кейін № 6811/6812-ге ауысады.

«Қарағанды-Астана-Бурабай» электр пойызы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді. Бұдан бөлек, № 7507/7508 «Астана-Көкшетау» электр пойызының маршруты Саумалкөл станциясына дейін ұзартылады. Енді бұл пойыз аптасына 3 рет — жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді», — дейді «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері.

Билет құны — 2 271 — 2 943 теңге.

Оны bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассасынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар