Астанадан қала маңына қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадан қала маңындағы 16 бағытқа қатынайтын қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

CTS көлік компаниясының мәліметінше, күн райының қолайсыздығына және трассалардың жабылуына байланысты қала маңындағы №304, 305, 307, 308, 309, 310, 312, 313, 315, 316, 317, 318, 321, 322, 327, 328 бағыттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына қатынайтын қалған бағыттағы автобустар жүріп жатыр.

Астанада қар жауып, боран соғып тұр. Ауа температурасы нөлден төмен.


Соңғы жаңалықтар