Астанадан Көкшетауға және Петропавлға баратын жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан шығатын бірқатар жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

15 наурыз күні таңғы сағат 08.30 кезінде республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолының 18-291 шақырым аралығы, яғни Астана мен Көкшетауды жалғайтын жол барлық автокөлік түрлеріне жабылды.

«Қазір ауа райының нашарлауынан жолдар дұрыс көрінбейді, боран соғып тұр» деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар