Астанадан Мәскеуге жақсартылған жайлы пойыз қатынайтын болды
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығының хабарлауынша, Астанадан Мәскеуге жақсартылған жайлы пойыз қатынай бастамақ.
Ертең таңғы сағат 6:50-де елорда вокзалынан «Астана-Мәскеу» бағытында 71/72-ші үлгілік-көрсетілім пойызы жөнелтіледі. Іс-шара көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және темір жол көлігімен сапарлауда жағымды әрі жайлы қызметпен қамтамасыз ету мақсатында компанияның жүзеге асырып отырған жаңа жобасы аясында өтеді.
«Астана-Мәскеу» пойызы жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және жайлылықтың жоғары деңгейі енгізілген алғашқы темір жол көлігі болмақ.
Таяу арада «Жолаушылар көлігі» АҚ-ы «Алматы-Мәскеу» бағытында қатынайтын №7/8 пойызды жаңартуды жоспарлап отыр. Келер жылы тағы үш бағыттағы пойыздар жақсартылған жайлы пойыз мәртебесін иеленетін болады.