Астанадан Павлодарға және Петропавлға баратын екі жол жабық тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Астанадан шығатын жолдар жабылды. 

жол
Фото: БҚО ТЖ

Астанада күні бойы жаңбыр жауып, кешкісін температура күрт төмендеді. 

Осыған байланысты 9 наурыз түнгі 23:00 кезінде республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырым аралығы, Астана қаласынан Павлодар облысы шекарасына дейінгі бөлігі жабылды. 

Сондай-ақ Астанадан Петропавлға дейінгі жолдың 18-232 шақырым аралығында, Астанадан Щучье қаласына дейінгі учаскеде де көлік қозғалысына шектеу қойылды. 

Соңғы жаңалықтар