Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды

Жаңбыр, дауылды жел мен көктайғаққа байланысты Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды. Кazinform бұл туралы QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

жол жабық
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Елордадан шығатын жолдар барлық бағыт бойынша жабылды. Жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр», - делінген мәліметте.

City Transportation Systems компаниясының ақпаратына сәйкес, жолдардың жабылуына байланысты Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын барлық автобустар қозғалысын тоқтатты. Бұған дейін 6 бағдар линиядан алынғаны туралы мәлім етілген еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ауа райының нашарлауынан таңертең 3 өңірде 8 жол учаскесі жабылды. Кейін республикалық маңызы бар тағы 3 жолда қозғалысқа тыйым салынды.

"Қазгидромет" РМК 22 қарашада күн райының бұзылуына байланысты 16 өңірде ескерту жариялаған болатын.