17:22, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Астанадан шығатын барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан шығатын барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды. Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұрын белгілі болғандай, Қазақстанның бірқатар облысында бұрқасын салдарынан жолдар жабылды. Мәселен, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының жолдарындағы кейбір учаскелерде автокөліктердің қозғалысына тыйым салынды.