Астанадан шығатын барлық бағыттарда жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Астанадан шығатын барлық бағыттарда жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК мәліметінде хабарланды.

Астанадан шығатын барлық бағыттарда жолдар жабылды

Атап айтқанда, «Астана-Петропавл» жолының 18-231 шақырымындағы Астана мен Бурабай аралағында жол жабылды.

«Екатеринбург-Алматы» жолының 1007-1247 шақырымындағы Атбасар мен Астана учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

Ал «Астана-Ерейментау-Шідерты» жолының 16-205 шақырымындағы Астана мен Павлодар облысы шекарасы аралығында жол жабық.

Бұдан бөлек, «Астана-Киевка-Теміртау» жолының шақырымындағы Астана мен Қарағанды облысы шекарасын учаскесінде көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Сонымен қатар «Екатеринбург-Алматы» жолының 1275-1353 шақырымындағы Астана мен Қарағанды облысы шекарасы аралығы жабық.

Боранға байланысты кешқұрым «Астана-Қорғалжын» жолының 19-169 шақырымында қозғалыс шектелді.