Астанадан шығатын жолаушылар және дизелді автокөліктер үшін жол қозғалысы жабық

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Астанадан шығатын жолаушылар және дизелді автокөліктер үшін жол қозғалысы жабық. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Астанадан шығатын жолаушылар және дизелді автокөліктер үшін жол қозғалысы жабық

«Ауа температурасының төмен болуына орай кеше сағат 20:50-ден бастап барлық бағыттар бойынша жол қозғалысы жабылды» делінген баспсөз хабарламасында.

Сонымен қатар Қазақстанның үш облысында, атап айтқанда, қаңтардың 20-сы күні сағат 16:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында, 19:00-ден бастап Қарағанды облысында және қаңтардың 19-ы күні сағат 21:40-тан бастап Павлодар облысындағы автожолдар жабық күйінде қалды.