Астанадан СҚО-ға көшетіндерге баспана ақысы, субсидиялар мен гранттар беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 7-9 тамыз күндері Астана қаласының еңбек мобильдігі орталығында СҚО Жамбыл ауданына қоныс аудару бойынша кеңес өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Шара «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылады. Мұнда базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, елдің көліктік-транзиттік әлеуетін көтеру есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру мақсаты көзделген.

«Қоныс аудару кезінде азаматтарға 4 млн теңгеге дейін баспана сатып алуға сертификат беріледі. Отбасының әр мүшесіне 70 АЕК (241 500 теңге) субсидия беріледі. Бір жылға дейін тұрғын үй жалдау ақысы төленеді. Қайтарымсыз гранттар 400 АЕК (1 380 000 теңге) көлемінде беріледі. Тұрақты жұмыс табуға көмек көрсетіледі, бүгінде жалпы 118 бос жұмыс орны бар», - деп жазылған қала әкімдігінің сайтында.

Жамбыл ауданы – Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Ресейдің Қорған облысымен және Қостанай облысымен, Мамлют, Есіл, Шалақын және Тимирязев аудандарымен шектеседі. Ауданда 22,5 мың адам тұрады.

Облыс экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы.

Ауданда 12 автобус (2 ауылдық, 1 қалааралық және 9 қалалық), мектепке дейінгі 30 білім беру мекемесі, 33 орта мектеп, 1 өнер мектебі, 1 кәсіптік лицей, 6 мектеп-интернат бар.


Соңғы жаңалықтар