Астанаэнергосбыт тұрғын үйді жарықтан заңсыз ажыратқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындары «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің заңсыз әрекетіне арызданып, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанаэнергосбыт тұрғын үйді жарықтан заңсыз ажыратқан

Сот материалдарына сәйкес, өткен жылы 18 қазанда «Астанаэнергосбыт» компаниясы арыз берушілердің пәтерлерін жарықтан ажыратып, тұрғын үйдің пайдалануға берілуіне дейінгі энергия шығындарын өтеуді талап етті. Заң бойынша үйдің құрылысы кезінде барлық шығындарды «С» ЖШС, яғни құрылыс компаниясы төлеуі тиіс. Ал ол үйдің пәтерлері құзіретті мемлекеттік органдарда тіркелген келісімшарттардың негізінде таратылғаннан кейін коммуналдық төлемдерді пәтер иеленушілері жасайды.

«Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің арыз берушілерді жарықтан ажырату әрекеті заңсыз деп танылды. Сот үкімі күшіне енді», - делінген ресми хабарламада.