«Астанаэнергосервис» АҚ «2013 сала көшбасшысы» атағына ие болды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның шаруашылық қызмет субъектілерін толық саралау қорытындысы бойынша «Активтер мен міндеттемелер көрсеткіші», «Табыс көрсеткіші» және «Өтімділік көрсеткіші» үш аталымындағы орындардың жиынтығы бойынша «Астанаэнергосервис» АҚ 5-орын алды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астанаэнергосервис» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Үздік кәсіпорындарды таңдау кезінде өндірістің ауқымды көрсеткіші мен төлем қабілеттілігі, ресурстарды пайдалану тиімділігі, сондай-ақ, кәсіпорынның әлеуметтік үлестері мен инвестиция тартымдылығы сынды нақты деректер қолданылды.

«Астанаэнергосервис» АҚ бүгінде қызметі бас қаламызды жылумен, электр қуатымен сенімді және үздіксіз қамтуға, Астана қаласының энергия жүйесінің сенімділігін және кәсіпорындарды техникалық жарақтандыруды қамтамасыз етуге бағытталған өндірістік-экономикалық көрсеткіштерінің өсімі тұрақты қарқынды дамып жатқан холдинг болып табылады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша компанияның операциялық және қаржы көрсеткіштері тұрақты өскен, ал менеджменті корпоративтік басқарудың барлық мәселелері бойынша белсенді ұстанымға ие.

Қазіргі уақытта аталған кәсіпорын Қазақстанның бас қаласының тұрғындарын жылу және электр энергиясы бойынша тұрақты және қолжетімді тұтынушылық стандарттармен қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар