Астанаға 2012 жылы ТМД-нің мәдени елордасы екенін растайтын сертификат тапсырылды
АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның елордасы Астана биыл ресми түрде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени шаһары атанды.
Талапқа сай сертификатты бүгін «Жаңа әлемдегі еуразиялық мәдениет» халықаралық форумында ТМД мүше-мемлекеттері гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының басқарма төрағасы Полад Бюль-Бюль оглы тапсырды. Құжатты ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай қабылдап алды.
«Еуразияның картасына көз жүгіртер болсақ, Астананы мәдени және өркениеттік, геосаяси үдесірістердің орталығы ретінде толық қарастыруымызға болады. Екі мың халқы болған шағын ғана Ақмола қаласы аз уақыт ішінде осындай жетістіктерге жетіп, өсіп-өркендеген, гүлденген Астана сияқты алып шаһарға айналғандығына таң қалуға болады. Бұл жаңа қала ендігіде Қазақстанның астанасы, Еуразияның жүрегі, «Ғасыр шаһары» болып табылады», - деді Полад Бюль-Бюль оглы.