Астанаға 50-ден астам жедел медициналық жәрдем көліктері сатып алынады

Айта кетерлігі, Астана әкімдігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында бірқатар меморандум жасалған болатын. Соның бір бағыты елорда тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арналып, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыруды қарастырады.
Министрдің сөзіне қарағанда, аталмыш меморандум аясындағы аса маңызды бағыттардың бірі - жедел медициналық жәрдем бригадасының үздіксіз жұмыс істеуін қамту. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, былтырғы жылы елордалық жедел жәрдем бригадасы 500 мыңнан астам шақыртуларға қызмет көрсеткен. Соның 43 мыңында жедел көмектер дер уағында жүзеге аспаған болып отыр.
«Осы мәселені шешу үшін біз меморандумға қол қойып отырмыз, ал оның аясында ағымдағы жылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен санитарлық автокөліктің 22 бірлігі, ал келесі 2016 жылы республикалық бюджет қаражатынан 33 бірлігі сатып алынбақ», - деді Т.Дүйсенова.
Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Астанада жедел медициналық көмектің қалалық стансасының құрылысы аяқталады.