Астанаға 500 млн. доллар инвестиция құйылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға 500 млн. доллар инвестиция құйылады. Бұл туралы бүгін «Астана инвест-2014» 5-ші халықаралық инвестициялық форумның ашылуында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.

Астанаға 500 млн. доллар инвестиция құйылады

«Астана инвест-2014» 5-ші халықаралық инвестициялық форумы аясында жалпы сомасы 500 млн. доллардан асатын 11 меморандумға қол қою жоспарланып отыр», - деді ол.

Бұл ретте қала басшысы Астанада инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін барынша тартымды жағдай жасалғанын баса атап өтті.