Астанаға АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон келмек - БАҚ-қа шолу

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 15 наурыз, жұма күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Үкімет басшысы Серік Ахметов Алматы қаласында арнайы жұмыс сапарымен болып, кәсіпкерлермен кездесті және қала әкімдігінде мегаполисті дамыту мәселесіне арналған кеңес өткізді», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санындағы «Мегаполистің маңызды мәселелері» деген тақырыптағы мақаласында. Басылымның атап өтуінше, Үкімет басшысы Алматы қаласының кәсіпкерлерімен кездесуі барысында шағын және орта биз­нес­ті дамытудың өзекті мәселелерін тал­қы­ланды. Премьер-Министр Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына кәсіпкерліктің қосып отырған зор үлесіне тоқтала келе, Мемлекет басшысының қол­дауы арқасында Алматы «отандық бизнестің озық өкілдері жұмыс істеп жат­қан белсенді және креативті кәсіпкерлері бар Қазақстанның қаржы және бизнес орталығына айналғанын» атап көрсетті.

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, «Астана су арнасында» берешектерді төлеу жұмыстары жалғасуда. 1 наурызға дейінгі су-кәріздік қызметтер үшін жалпы дебиторлық берешек 184,0 миллион теңгені құраса, соның ішінде жеке адамдар берешегі - 67,1, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының үлесі - 116, 7 миллион, бюджеттік ұйымдар берешегі 209,0 мың теңгеге жеткен. Коммуналдық бригадалар ал­дын ала ескерткеннен кейін қарыз­дық төлемі 3 айдан асқан азаматтарды сумен қамтамасыз ету тоқ­татылып, орталық жүйеден ажыратылады. Ағымдағы жылдың басынан бастап жеке адамдарға берешек сомасы 55,8 миллион теңгені құрайтын 5068 ескерту таратылды. Заңды тұлғаларға берешек сомасы 1,1 миллион теңгені құрайтын 15 ескерту таратылды, ал оның бүгінгі таңда 1,0 миллион теңгесі төленді. Мақала «Қарыздан неге қорықпайды?» деген тақырыппен басылды.

***

Биыл алтыншы рет өткізілетін Астана экономикалық форумы тағы да саясаткерлер мен ғалымдардың, бизнес қауымдастықтың сұхбат құрар алаңына айналады. Бұл жайында «Айқын» газетінің бүгінгі нөміріндегі «Клинтонның өзі келеді» деген тақырыптағы мақалада кеңінен баяндалған. Басылымның атап өтуінше, осымен алтыншы мәрте өткізілетін алқалы жиынға 8 мыңнан астам адам қатысатындығы күтілсе, қазірдің өзінде 60 мемлекеттің мәртебелі тұлғалары, Нобель сыйлығының 10 лауреаты, 40-тан астам ірі іскерлік корпорациялар басшылары, 11 мемлекет пен үкімет басшысы, 15 министр мен орталық банктердің, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысатындығын растаған. Олардың қатарында АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон да бар.

Осы басылымның бүгінгі санында Мәжіліс депутаты Андрей Бегенеевпен арадағы сұхбат «Қазақтың дана өсиетін орындадым» деген тақырыппен берілді. Басылым тілшісінің барлық сауалына тұщымды жауап берген халық қалаулысы: «Біз жергілікті су қорына қамқорлықпен қарауымыз, ұтымды пайдалануымыз қажет. Жаратқан берген осы ресурсты мақсатты, нысаналы түрде жұмсауға көшетін уақыт баяғыда-ақ жетті. Егер ол таза ауызсу болса, тек ішуге, ал оған жарамсыз болса, техникалық мақсатқа, өндіріске пайдалануға тиіспіз. Мемлекет мұны қатаң реттеуі керек», - дейді.

***

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалысы кезінде Израиль Президенті Шимон Переспен жұмыс бабындағы кездесу өткізді», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары экономика саласындағы екіжақты ын­ты­мақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен ин­новациялық технология­лар сияқты негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жайы қарастырылды. Талқылау нәтижесі бойынша мемлекет басшылары екі ел арасындағы серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және мемлекетаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті.

***

«Экспресс К» газетінің жазуынша, ең маскүнем елдердің күдік тудырар рейтингінде Қазақстан өзінің ортаазиялық көршілерінің барлығын басып озды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған мәліметтерге қарағанда, жасы 15-тен асқан республика тұрғыны жылына орта есеппен 11 литр таза алкоголь тұтынады екен. Толығырақ басылымның жұма күнгі санындағы «11 литров на брата» деген мақалада жазылған.

Соңғы жаңалықтар