11:38, 25 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Астанаға «Алтын күз» келді
СТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Астаналықтар мен қала тұрғындарын бүгін астаналық саябақ спорттық-мәдени шараларға шақыруда. Ол «Алтын күз» «Ертең бүгін басталады» ұранымен өткізілуде.
Ұйымдастырушылар - ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті, елордалық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Астана әкімдігі мен «ҚАЗБРЕНД» қоғамдық қоры қалалықтар мен елорда қонақтарына үлкен спорттық және мәдени бағдарламаны дайындапты. Саябақта түрлі байқаулар, жарыстар, мастер-кластар, викториналар мен тағы басқалар ұймдастырылатын туристер қалашығы жұмыс жасайды.
Шараның ашылуы мен концерттік бағдарлама, әртістердің өнер көрсетуі мен түрлі сайыстар сағат 15.00-ге жоспарланып отыр. Одан кейін кешке дейін спорттық шаралар өткізілмек. Ал кеш батқанда, сағат 19.50-де келушілер бард әндері концертін тамашалап, түрлі көңіл көтеру ойындарына қатыса алады. Іс-шаралардың шымылдығын от шашу жаппақ.