Астанаға Австрияның Машина жасау одағының делегациясы келеді
Делегацияның сапары барысында Мәжіліс депутаттарының қатысуымен бірқатар шаралар өтетіні көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалевтің айтуынша, осы сапардың бағдарламасы шеңберінде Қазақстан мен Австрияның машина жасау одақтарының арасындағы меморандумға қол қойылатыны күтіледі. Сапардың негізгі мақсаты Қазақстан мен Австрияның машина жасау саласындағы ынтымақтастығын арттыру шараларын талқылау болып табылады.
Іссапар бағдарламасына сәйкес меймандар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар, сондай-ақ Экономикалық даму және сауда министрліктерінде, Астана әкімдігінде және бірқатар мекемелерде кездесулер өткізетіні жоспарланған.