Астанаға бір рет келген адамның жүрегінде қалаға деген жылы сезім мәңгі сақталады - ШЫҰ бас хатшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жаңа астанасына жиі келетін елорда қонақтарының оның келбетіне бей-жай қалмайтындығына сенімдімін.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Дмитрий Мезенцев осындай пікір білдірді.
«Жаңа қаланың даму қарқыны, құрылыс ауқымы мен сәулетшілердің айрықша шешімдері, елдің және қала басшылығының Астананы жайлы әрі ыңғайлы шаһар жасауға ұмтылысы таң қалдырады», - деді ол.
Ол өз сөзінде Қазақстан елордасы бірнеше мәрте атаулы халықаралық шаралардың орталығына айналғанын баса айтты. «Осынау қарқынды әрі әдемі қалаға бір рет келген адамның жүрегінде сол бір сапары жайында ең жылы сезімдер мәңгі сақталатындығына сенімдімін», - деді ШЫҰ-ның бас хатшысы.
«Астанада көптеген ұлт өкілдері тұрып жатыр әрі олар Қазақстан Республикасының көпұлтты халқы сияқты бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Бұл Қазақстан Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған ел билігінің сындарлы саясат жүргізіп отырғандығын тағы бір мәрте дәлелдей түседі», - деп түйіндеді ойын Д.Мезенцев.