Астанаға биыл 8 млн-дай гүл егіледі

Елорданың сәулет-пейзаждық келбетін құруда гүлзарларды безендіру де маңызды. Гүл отырғызу жұмыстары мамыр айында басталған. Жазда 147 мың шаршы метрден астам жерге гүлзар жасалады, соның ішінде «Алматы» ауданында - 50 436 шаршы м, «Есіл» ауданында - 80 999 шаршы м, «Сарыарқа» ауданында - 16 155 шаршы м.
Гүлбақтарын, аспалы және стационарлық құмыраларды, кашполарды безендіру үшін 7 млн 700 мыңнан астам бір жылдық гүл отырғызылады.
Сапалы гүлдермен қамтамасыз ету үшін «Астана-Зеленстрой» АҚ екі жылыжайда бір жылдық гүлдер мен төселмелі өсімдіктер көшеттерін өсіреді. Оның үстіне, № 1 жылыжай шаруашылығында кілем тәрізді өсімдіктердің түр-түрі бар. Атап айтқанда, альтернантердің екі түрі, седумның тоғыз түрі, цинерарий, эхеверия, қамыс, ирезине, сантолина, сенецио, бозот және т.б. Піл, керік, тасбақа, хоккейшілер, «Табиғатты аялайық» композициясы, жер шары, түйелер, құмыралар, футбол добы және т.б. тік жасыл фигураларды нақ осы гүлдермен безендірілген. Жалпы, 19 сәндік фигураға 643 мыңға жуық төселмелі кілем тәріздес өсімдік өсірілген.