«Астанаға» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтетін нәтиже керек - С.Стойлов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана-Арена» стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнайтын «Астана» және «АПОЭЛ» футбол командаларының ертеңгі матч алдындағы баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов команда алдында тұрған міндеттің бірі қорғаныс шебін тас-түйін ұстай отырып ойнау керек екенін атап өтті.
«Ертеңгі матч жауапты ойын екенін білеміз. Біз бар күшімізді салып, ұйымдаса отырып ойнауымыз қажет. «Астана» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтетіндей нәтиже көрсетуі керек. Есепті де ұмытпауымыз керек, бірақ, екі кездесудің қорытындысы бойынша «Астана» турнирдің топтық кезеңіне жолдама алса... «АПОЭЛ» тамаша команда, оның тәжірибесі де көп, өз-өзіне деген сенімі де бар. Бізге қорғанысты күшейтіп, гол жібермей әрі ұйымдаса ойнау маңызды»,-деді ол.
«Астананың» бас бапкері команданың бұған дейінгі «фантастикалық» ойынын еске салды және ертең жанкүйерлер мен өз алаңымызда ойнау футболшыларымыздың жеңіске деген сенімін күшейтетіндігін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана»-АПОЭЛ арасындағы бірінші кездесу 18 тамыз күні сағат 22.00-де «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ал, кипрлік команданың жауапты матчы 26 тамыз күні Никоскида болады (Астана уақытымен түнгі сағат 00.45-те).