Астанаға дауыл келе жатыр, Алматыда ауа +36°C-қа дейін ысиды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болады. Астанада қатты жаңбыр, бұршақ пен дауылды болжанды. Ал Алматы мен Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі, сонымен қатар күндіз ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

Астанаға дауыл келе жатыр, Алматыда ауа +36°C-қа дейін ысиды
Фото: ЖИ

ТЖМ мамандарының болжамынша, Астанада құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +26...+28°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +34...+36°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +33...+35°C.

Айта кетейік, бүгін 29 еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.