Астанаға ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары К. Воллебек жұмыс сапарымен келеді

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 26-27-сі күндері Астанаға ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек жұмыс сапарымен келеді.
None
None
Бүгін Астанадағы брифингте бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«К. Воллебектің еліміздің ресми тұлғаларымен кездесулері барысында Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына дайындығының түрлі аспектілері, тіл саясаты және білім беру мәселелері, Ұйымның Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастығы мәселелері қарастырылатын болады», - деді Е. Ашықбаев.Оның айтуынша, сонымен қатар сапары аясында К. Воллебек ҚР Әділет минирстрлігі ұйымдастыратын «Көп ұлтты қоғамда әлеуметтік ықпалдастықты заңнамалық қамтамасыз ету» атты семинарға қатысады. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару институтының Дипломатиялық академиясының студенттері алдында дәріс оқиды.
Соңғы жаңалықтар