Астанаға ЕҚЫҰ Саммиті күндері шет елдерден 109 шеф-аспазшы шақырылып отыр

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 1-2 желтоқсан күндері Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне жиналатын мәртебелі меймандарға ас әзірлеу үшін таяу және алыс шет елдерден 100-ден астам шеф-аспазшы шақырылып отыр.

Астанаға ЕҚЫҰ Саммиті күндері шет елдерден 109 шеф-аспазшы шақырылып отыр

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы бойынша Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«109 шетелдік бас аспазшының 55-і - таяу шет елдерден келеді. Олар Саммит қонақтарының талғамдарына сай еуропалық, ұлттық, шығыс, вегетариандық және басқа да түрлі тағамдарды әзірлейтін болады», - деді Ж.Бекшин.

Оның сөзіне қарағанда, бармағынан бал тамған аспазшылар саммит өтетін нысандардың асханаларында, қонақүйлер мен мейрамханаларда жұмыс істейді.