Астанаға Халықаралық бокс федерациясының президенті келді

Кремлев
Фото: Boxingkazakhstan парақшасынан

Астанадағы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтетін «Чемпиондар түні» бокс кешін тамашалауға аталған ұйымның президенті Умар Кремлев арнайы ұшып келді. Бұл туралы Kazinform ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлев елорда төрінде алғаш рет өткізгелі жатқан «Чемпиондар түні IBA» шарасына арнайы келді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде «Чемпиондар түні» атты бокс кеші өтеді. Онда отандық боксшылардың қатысуымен 8  жекпе-жек ұйымдастырылады. Кештің басты жекпе-жегінде - 71 келі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, КО 6) Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен (14-2, КО 7) жұдырықтасады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Соңғы жаңалықтар
telegram