Астанаға «Қаныпезер құбыжық» келе жатыр

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат -8 маусым  күні Астанада Сары­арқа» велотрек кешенінде  аса қызықты жекпе-жек ұйымдастырылмақ.

Астанаға «Қаныпезер құбыжық» келе жатыр

Атап айтқанда, қазақтың алып жігіттерінің бірі Төлеген Ақылбеков пен америкалық Боб Сапп айқасатын болады, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

 Боб Саппты көпшілік актер ретінде таниды. Ол ойн­а­ған фильм­дер де киномандар ара­сын­да кеңі­нен сұранысқа ие. Мәселен, «Ко­нан-Варвар», «Үл­кен Стэн», «Эл­ектра», «Қан мен сүйек» сынды фильм­дерді білмейтін қауым кем­де-кем шығар. Осы туындының бар­лығына да Боб Сапп өз қол­таң­басын қал­дырған. Дегенмен Сапп - бірінші кезекте актер емес, спортшы, тө­белескіш, ере­жесіз жекпе-жек мықты­ла­рының бірі. 1974 жылы дүниеге келген. Бойы екі метрге жуық, салмағы бір жарым центнер. Алғаш рет ере­жесіз жекпе-жекте 2002 жылы төбе­лесіп, қар­сы­ласын жеңген. Сегіз бұрышты алаңдағы жауыз­дығына байланысты көпшілік оны «Айуан», «Қаныпезер құ­бы­жық» атап кеткен. Талай мәр­те бушидо рин­гінде атақты жа­пондардың өз­дерін бір соқ­қымен сұлатып отыр­ған. Шоумендігі де бар. Олай дейтініміз, спорт әлемінде «Боб кейбір қар­сыластарына әдейі жеңіледі екен» деген сыбыстар өріп жүр.

Енді бұл «алып құбыжық» 8 маусым күні Астананың «Сары­арқа» велотрек кешенінде қа­зақ­тың қайсар жігіті Төлеген Ақыл­бе­ков­пен айқа­сады