Астанаға келетін Үндістан боксшыларының есімі белгілі болды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат – 4-13 сәуір аралығында Астанада өтетін бокстан Олимпиадалық іріктеу сынына қатысатын Үндістан боксшыларының есімі белгілі болды.
None
None

Бұл туралы үндістандық «Deli Sport» газетінің меншікті тілшісі Синх Лоуд «Аламанға» арнайы хабарлады.

Үндістан құрамасы Астана төріне 6 боксшы әкелмек. 52 келіде Олимпиада жолдамасына Мех Суранжоу таласады. Ал 56 келіде 18 жасар  Чива Тхапа келмек. Ол 2009 жылы Ереванда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сингапурдегі жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының қатысушысы.

75 келіде үнді боксының көшбасшысы Вижендер Синх келмек. Ол – Гуанжоудағы Азия ойындарының чемпионы, Бейжің олимпиадасының және Миландағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Ал 91 келіде Вижендердің бауыры Манпреет Синх лицензияға таласады. 81 келіде Сумит Сангван Астанаға ат басын бұрмақ. Бұл екі боксшының айтарлық жетістіктері жоқ. Аса ауыр салмақта 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Парамжеет Самота Үнді елінің намысын қорғайды.

Қазір Үндістан құрамасында Лондонның 3 жолдамасы бар. Ал лицензиялық додаға қатысатын қазақ боксшыларының есімі наурыздың соңында белгілі болады.

 

Соңғы жаңалықтар