Астанаға кіреберісте оннан астам ұрлыққа қатысы бар қылмыскерлер мінген автокөлік ұсталды - ЖПБ

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Жол полициясы қызметкерлері Астанаға кіреберістегі «Рубеж» бекетінде оннан астам қылмысқа қатысы бар қылмыскерлер мінген автокөлікті ұстады.
None
None

Жол полициясы басқармасынан хабарлағандай, 6 ақпан күні түс ауа «Рубеж» бекетінде жол полицейлері - аға лейтенант Андрей Ермилов, сержант Елубай Ақпаров пен қалалық ІІД кинологы Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «БМВ-525» машинасын тоқтатты.

Көліктің салонын тінту барысында, артқы орындықтағы шынтақ астына қойылатын құрылғының ішінен сары алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар, атап айтқанда - бір білезік, брошь, үш мойын тұмар, сырға, 29 алқа мен 18 жүзік табылды.

Жүргізуші сол орында құрықталды, ал оның 26 жастағы жолаушысы жол-жөнекей машинамен ізін суытпақ болды. Артынан қуған Е.Ақпаров қылмыскерге ұзақ кетуге мүмкіндік бермеді.

Ұсталғандар ІІД-ге жеткізілді. Полицейлер ұсталған азаматтар мен БМВ көлігі Ақмола облысының Ақкөл ауданы мен Көкшетау қаласында жасалған, сондай-ақ Астанада болған 12 қарақшылық оқиғасына қатысы барлығын анықтады.

Соңғы жаңалықтар