Астанаға Қытайдан жеткізілген батыс гүл трипсімен залалданған қалампыр партиясы жойылды
Астана халықаралық әуежайы фитосанитариялық бақылау пунктінде қадағалау іс-шараларын жүргізу барысында қалампыр кесінділерінен морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге ұқсас заттар анықталды.
«1600 қалампыр партиясы Қытай Халық Республикасынан әкелінген.
Іріктелген үлгілер карантиндік зертханалық сараптама жүргізу үшін Республикалық өсімдіктер карантині орталығына жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, карантиндік объектінің батыс гүл трипсімен залалданғаны расталды», — деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінен.
Әкімшілік хаттама жасалып, іс сотқа жіберілді.
Ауданаралық мамандандырылған соттың шешіміне сәйкес ластанған өнім өртеу арқылы жойылды.