Астанаға көлікпен ақылы кіру жүйесін таңғы қарбалас уақытқа енгізу ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан Астанаға көлікпен ақылы кіру жүйесін белгілі бір кезеңге ғана енгізуді ұсынды. Бұл жайында ол астаналық әкімдіктегі қоғамдық тыңдаулар барысында хабарлады.

Астанаға көлікпен ақылы кіру жүйесін таңғы қарбалас уақытқа енгізу ұсынылды

Оның айтуынша, Астанадағы таңғы қарбалас уақытта Қабанбай батыр, Тұран, Бөгенбай батыр, Тілендиев көшелеріндегі көліктердің көптігі 85%-ға дейін өзінің шегіне жетті.  

 «Яғни бүгінде бұл көшелерде ары қарай даму мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты, белгілі бір кезеңде ғана ақылы түрде кіруді енгізген жөн», - деді Т.Ардан.

«Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы атап өткендей, таңғы 7-ден 10-ға дейін қалаға кіруді ақылы ету қажет.

Мәліметтерге сүйенсек, күн сайын Астанаға Қарағанды, Павлодар, Көкшетау және Қорғалжыннан 75 мың көлік құралы келеді.