Астанаға көлікпен кіру шектеле ме
АСТАНА. KAZINFORM - Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуінде осындай сұрақ қойылды.

— Астанаға көлікпен кіруге шектеу қою мәселесі қарастырылған жоқ. Қарастырылмайды да, — деді қала басшысы.
Айта кетелік Астана әкімі елордадағы ақылы тұрақтар жаңа инвесторға берілуі мүмкін деген мәліметтерді теріске шығарған еді. Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек LRT-де жол жүру бағасы қанша болатынын айтқан еді.
Еске салсақ, биыл күзде LRT-ні тестілік режимде іске қосу жоспарланған.
Сондай-ақ 2028 жылға дейін Астана агломерациясы қалай дамитыны туралы жазған едік.
Еске сала кетейік, агломерация құрамына Астана және Қосшы қалалары, сондай-ақ Целиноград, Аршалы және Шортанды аудандарының 45 елді мекені кіреді. 2024–2028 жылдарға арналған Астана агломерациясын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Ақмола облысында 245 іс-шараны жүзеге асыру көзделген.