Астанаға көмірдің 555 тоннасы жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға көмірдің 555 тоннасы жеткізілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
None
None

Ондағы мәліметтерге қарағанда, қаладағы көмірдің жалпы қоры 11 мың тонна.

Астанаға жеткізілген 555 тонна көмірдің 345 тоннасы - «Шұбаркөл», 210 тоннасы - «Қаражыра» маркілі көмірі. Отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасында белгілі болғандай, 12 желтоқсандағы жалпы көмір қоры 11 143,82 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда нарықтағы көмірге қатысты жағдай тұрақты.

Астанадағы көмірдің бағасы төменде көрсетілген:

«Шұбаркөл» тоннасы - 11 400 теңге
«Қаражыра» тоннасы - 13 200 теңге
«Майкөбе» тоннасы - 12 500 теңге
«Богатырь көмір» тоннасы - 9000 теңге
«Кузнецкий» тоннасы - 12 250 теңге

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауында ұстап отыр. «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар