Астанаға кіреберіске жан-жақтан блокпост қойыла ма – Жеңіс Қасымбектің түпкілікті жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астанаға кіреберіс бекеттерде блокпост орнатуға қатысты сауалға жауап берді.

блокпост
Фото: Алматы ТЖД

«Бұл дұрыс емес. Қазақстан — біртұтас мемлекет және әр азамат өзі қалаған жерде өмір сүруге құқылы. Астана — біздің ортақ елордамыз. Сондықтан бізде ешқандай шектеу жоқ және болуы да мүмкін емес», — деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына. 

Естеріңізге сала кетсек, Астана қалалық полиция департаменті көші-қон басқармасының бастығы Ербол Махметов елорда аумағына кіреберіс бекеттерде блокпост  орнату жағы қаралып жатқанын айтқан болатын.

«Қалаға кіреберіс жерлерде блокпост қою мәселесі қаралып жатыр. Бұл мәселе Ішкі істер министрінің алдында айтылды, ведомство басшысы келіседі деп ойлаймын», — деген еді Ербол Махметов. 

Соңғы жаңалықтар