Астанаға құбырмен жеткізілетін газ тарифі көмір мен сұйытылған газдан да қымбат болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға құбыр арқылы жеткізілетін газдың тарифі көмір мен сұйытылған газдан да қымбат болайын деп тұр. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз мәслихатында еліміздің Энергетика министрі  Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Астананы газдандырудың техникалық-экономикалық негіздемесі «ҚазТранГаз» компаниясымен жасалды.  Содан кейін  сараптамаға жіберіліп, ол да аяқталды. Жалпы  айтқанда ұзындығы 1,8 мың  шақырым газ құбыры Қызылорда облысынан Жезқазғанға, одан Қарағанды, Теміртау арқылы Астанаға жеткізіледі. Екінші кезеңде Көкшетау мен Петропавлға тартылады. Осындай жоба бар», - деді ол.

Бірақ министр бұл жобаның қазіргі уақытта  талқыланып жатқандығын баса айтты.

«Өйткені Астанада соңғы тариф өте жоғары болайын деп тұр. Оны көмірмен немесе сұйытылған газбен салыстырсақ тарифі өте жоғары болады. Бұл мәселеден қалай шығу жолдарын «ҚазТрансГазбен», әкімдікпен талқылап жатырмыз. Осы айдың қорытындысын шығарған кезде дәл осы мәселеге қатысты тағы да айтамыз», - деді Бозымбаев. 

Соңғы жаңалықтар