Астанаға Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен келді

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының гастролі басталды.
None
None

Еске сала кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі театрлар мен концерттік ұйымдар үшін арнайы «Отаным - бақыт мекенім» атты шағын қалаларды гастрольдік концерттермен қамту жөніндегі республикалық жобаны іске асыруда. Оның аясында Қазақстандағы шығармашылық ұжымдардың гастрольдерін ұйымдастыру қарастырылған. Аталған жобаның басын бүгін Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ашып отыр.

«Аталмыш жобаны ашу құқығы біздің театрға берілгеніне қуаныштымын. Қазақстандық театрлар үшін жасалған гастрольдік карта мәдениет ұжымдарының дамуына үлкен септігін тигізеді. Министрліктің арқасында театрлар елдегі қалаларды аралау мүмкіндігіне ие болып қана қойған жоқ, енді көрермендеріміз отандық театрларымыздың сан алуан ерекшеліктеріне қаныға алатын болды», - дейді театр директоры Надежда Горобец. 

Оның айтуынша, 3 күнге жалғасатын гастрольдік сапар аясында көрермендердің назарына Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, режиссер Сұлтан Усмановтың қойылымындағы 5 спектакль ұсынылады.

Оның ішінде балаларға арналған В.Ливановтың «Бремен музыканттары» және С.Маршактың «Мысықтың үйі» ертегілері, сонымен қатар үлкендерге арналған А.Сухово-Кобылиннің «Кречинскийдің үйлену тойы» атты белгілі пьесасы бойынша «Ойын», Ш.Айтматовтың «Шыңғыс ханның ақ бұлты» және У.Шекспирдің «Ромео және Джульетта» спектакльдері қойылады.

Спектакльдерде ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тахир Восилов, Евгений Дубовик, Герман Богданов, ҚР еңбек сіңірген әртістері Валерия Крымская, Ольга Коржева, сонымен қатар театр әртістері Герман Богданов, Владимир Крылов, Татьяна Костюченко, Ольга Бобрик, Юрий Гнусарев, Андрей Пасаженников, Ілияс Тұрманов, Виталий Куприянов және басқалары ойнайды.

Соңғы жаңалықтар