Астанаға «Сарыарқа» газ құбырын салу жобасының құжаты әзірленуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға газ құбыры Қызылордадан тартылуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Астана қаласын және газ құбырының бойында орналасқан елді мекендерді газдандыру үшін тиісті жұмыстарды атқаруда. Осы орайда «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан Кызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана бағыты тұрғысында «Сарыарқа» газ құбырын салу жобасы бойынша Техникалық экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеп жатыр»,-деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Атап айтқанда, негіздемені әзірлеу биылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда және оның нәтижесі бойынша осы ТЭН үшін берілетін «Мемлекеттік сараптама» РМК-ның қорытындысы бойынша бұл Жобаны одан әрі іске асыру туралы шешім қабылданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін Астанаға ғаз құбырын тартуды тапсырған болатын. Бұл ретте елорданы газбен қамтамасыз ету бойынша түрлі жобалар қаралып жатқандығы хабарланған еді.

Сонымен қатар бұған дейін «Тобыл-Көкшетау-Астана» солтүстік газ құбырын салу шаралары қарастырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар