Астанаға ШЫҰ елдеріндегі сыртқы саяси ведомство басшылары келеді

ШЫҰ
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 21 мамырда Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Іс-шараға ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры қатысады.

«Отырыс барысында биыл Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын қарау жоспарланған. Делегация басшылары Ұйым аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады. Отырыста Ұйымның алдағы саммитінің қорытынды құжаттарына қатысты бірқатар шешімге қол қою, сондай-ақ ақпараттық хабарлама қабылдау ескерілген», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен апталық баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар
telegram